О внесении изменения в решение Жуалынского районного маслихата от 5 сентября 2013 года № 20-5 "О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жуалынского районного маслихата от 5 сентября 2013 года № 20-5 "О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36-4
- Қабылданған күні
- 13.10.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2019 83959_405895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14GD002355
- ЭКБ идентификаторы
- 83959
- Редакция идентификаторы
- 83959_405895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:20
0
Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2020 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы № 98 аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн біржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі».
2 2.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.