Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»

Бұйрық · № 220 · қабылданған 23.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2013-no-689-ekb-100630/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств» Қолданыста Бұйрық ·№ 220 ·23.02.2016
23.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»

Қолданыста Бұйрық ·№ 220 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»
Атауы (қаз.)
«Арнайы автоманттандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
23.02.2016
Көрсетілген редакция
23.02.2016 100630_63344.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013530
ЭКБ идентификаторы
100630
Редакция идентификаторы
100630_63344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:22

0 «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1–бабының 1–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 268 (28207) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;
3) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
4) қатты жол қаптауы – жабындысы немесе цемент бетон немесе темір бетон негізіндегі жол қаптауы;
5) қатты емес жол қаптауы – қабаттары асфальт бетонның бірнеше түрінен, битуммен, цементпен, әкпен бекітілген кешенді және басқа да тұтқыр материалдардан, сондай-ақ әлсіз байланған қиыршықты материалдардан жасалған жол қаптауы;
6) өлшеу ауытқуы – өлшеу нәтижесінің өлшеніліп жатқан шаманың ақиқат (анық) мәнінен ауытқуы.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін анықтаған кезде автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен көліктік деректер қоры мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесімен (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автоматты түрде шегерілетін жол қаптауы конструкциясының типіне қарай өлшеу ауытқуы ескеріледі.
Өлшеу ауытқуы қатты жол қаптауы болған кезде: автокөлік құралдарының салмағынан – 5%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 8%, жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің біліктер саны үштен асатын сабақтас білікке, қосарланған және үштік біліктерге түскен жүктемесінен – 7% құрайды;
Өлшеу ауытқуы қатты емес жол қаптауы болған кезде: автокөлік құралдарының салмағынан – 10%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 15%, жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің біліктер саны үштен асатын сабақтас білікке, қосарланған және үштік біліктерге түскен жүктемесінен – 13% құрайды.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жүріп өтетін автокөлік құралдарын тіркеп, КДҚ АТЖ-ге тиісті мәліметтерді жіберу;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) деректерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Ахуал орталығының (бұдан әрі – Ахуал орталығы) КДҚ АТЖ-ге жіберу.».
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің асуы анықталған кезде автокөлік құралы туралы фотобейне мен ақпарат бұзушылықтар туралы есепті қалыптастыру үшін КДҚ АТЖ-де сақталады;».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы