О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 602
- Қабылданған күні
- 18.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2021 160388_547036.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025253
- ЭКБ идентификаторы
- 160388
- Редакция идентификаторы
- 160388_547036
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:48
0 «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
6-1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде көліктік дерекқор мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесі (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеретін өлшеу ауытқуы ескеріледі.
Жүк автокөлік құралдарының біліктік жүктемелерін өлшеу кезінде шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы осьтік жүктің өлшенетін массасынан – 10% құрайды.
Жүк автокөлік құралдарынының осьтік жүктерін және жалпы массасын өлшеу кезінде шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы осьтік жүктің немесе осьтік топтың өлшенетін массасынан – 3% құрайды.
7. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын тексеру «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) деректерді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Ахуалдық орталықтың (бұдан әрі – Ахуалдық орталық) КДҚ АТЖ-ге жіберу;»;
9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алыстан бақылаудың барлық функциялары Ахуалдық орталыққа арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының байланыс арналары арқылы түседі.».