О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 756
- Қабылданған күні
- 28.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2022 177028_612343.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031606
- ЭКБ идентификаторы
- 177028
- Редакция идентификаторы
- 177028_612343
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:14
0 «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) автокөлік құралы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өтеді;
2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі анықталады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және (немесе) көлемдік өлшемдері анықталады, жүріп өтудің 4 данада сурет тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан және артынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);
3) аппараттық-бағдарламалық кешен айыппұл төлеу қажеттілігі мен бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қалыптастыру үшін қабылданған деректерді (сурет, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер арасындағы қашықтық, доңғалақтардың еңкулігі, жалпы салмағы, білікке түсетін жүктемелер, көлемдік өлшемдері, жол жүру күні мен уақыты) тіркеп, өңдейді;
4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің артуы анықталған кезде фотобейнелер мен автокөлік құралы туралы ақпарат КДҚ АТЖ-де сақталады;
5) өлшеу нәтижелері бойынша жүргізушіні немесе тасымалдаушыны хабардар ету мақсатында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы орнатылған жерде визуалды шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан ауыспалы ақпарат тақтасында (тақта болған жағдайда) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер бойынша артуы және жалпы салмағы туралы ақпарат көрсетіледі.
Электронды тақтада көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асып кетуі анықталған кезде, автокөлік құралының жүргізушісі немесе тасымалдаушысы көлік бақылауының жақын бекетінде немесе жүру бағыты бойынша өлшеу (өлшеу) станциясында автокөлік құралының бақылау өлшемінен өтеді;
6) алыстан бақылаудың барлық функциялары Ахуалдық орталыққа арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының байланыс арналары арқылы түседі.».