Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 927 «Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан и требований к их защите»

Қаулы · № 283 · қабылданған 24.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2013-no-927/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 927 «Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан и требований к их защите» Күшін жойған Қаулы ·№ 283 ·24.04.2015
28.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 927 «Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан и требований к их защите»

Күшін жойған Қаулы ·№ 283 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 927 «Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан и требований к их защите»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
283
Қабылданған күні
24.04.2015
Көрсетілген редакция
28.12.2023 89417_680896.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000283
ЭКБ идентификаторы
89417
Редакция идентификаторы
89417_680896
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:20

0 «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

5 қыркүйектегі № 927 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 736-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысы қабылданғанға дейiн жасалған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтiк паспорттары олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн жарамды болып саналсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты (бұдан әрі – паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.»;
6-тармақтың үшінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ
DIPLOMATIC PASSPORT»
деген жазу;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
«Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
шет мемлекеттердің барлық құзыретті қызмет
органдарынан дипломатиялық паспорт иесінің
бөгетсіз жүріп-тұруын қамтамасыз
етуді және қажет болған жағдайда заңды
қолдау көрсетіліп, қорғалуын өтінеді.
The Ministry of Foreign Affairs of the
Republic of Kazakhstan requests all
competent authorities of foreign states
to permit the bearer of this diplomatic
passport to pass safely and freely and
to give the bearer all lawful aid and
protection in case of need.» деген жазу орналасқан.»;
10-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ/DIPLOMATIC PASSPORT» деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:
«Бұл дипломатиялық паспорт сезгіш электрондық
технологиямен жабдықталған және де басқа
электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай
мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде
жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз,
оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан
немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.
This diplomatic passport contains sensitive
electronic technology and should be handled
with the same care as other electronic devices.
To ensure that it functions properly, pleasе
do not bend, perforate of subject it to
extreme temperatures or excessive moisture.
Бұл дипломатиялық паспорт Қазақстан
Республикасына шетелдік сапардан
оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады.» деген жазу орналасқан.»;
осы үлгіге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

0 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 283 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
дипломатиялық паспортының
үлгісіне және оны қорғауға
қойылатын талаптарға
қосымша
_________________

Қолданыстағы