О внесении изменения в решение областного маслихата от 5 февраля 2014 года № 14/218 «О Положении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 5 февраля 2014 года № 14/218 «О Положении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21/328
- Қабылданған күні
- 11.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2014 85910_280980.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14M0002587
- ЭКБ идентификаторы
- 85910
- Редакция идентификаторы
- 85910_280980
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:36
0 Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы
5 ақпандағы № 14/218 «Маңғыстау
облысының Құрмет грамотасымен
марапаттаудың Ережесі туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2365 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 21/328 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 14/218 шешімімен
бекітілген
Маңғыстау облысының
Құрмет грамотасымен марапаттау жөніндегі Ереже
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2 2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар марапатталады.
3 3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4 4. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Облыс әкімі орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар басшыларының марапаттау бетшесіне облыс әкімі қол қояды.
5 5. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының атына жолданған марапаттау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты облыс әкімі аппаратының Кадр жұмыстары бөліміне жолданады.
Әрі қарай Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
6 6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе марапаттау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
7 7. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта марапаттау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.
2 2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы
8 8. Құрмет грамотасы – бетінде Елтаңба белгісі салынған, мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағазда дайындалады.
Қосымшаның айқара ашылатын бетінің сол жағында ұлттық оюмен өрнектелген Маңғыстау облысының символы орналасқан.
Қосымшаның оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазуға орын қалдырылған. Облыс символы күн сәулесімен, алтын түстес қыран бүркітпен және ұлттық өрнекпен бейнеленген. Мәтіннің астында қосарланып облыс әкімінің және облыстық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.