О внесении дополнений в решение Железинского районного маслихата от 5 марта 2014 года № 176-5/25 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Железинского районного маслихата от 5 марта 2014 года № 176-5/25 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района"
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210-5/28
- Қабылданған күні
- 23.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2018 81957_354311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PF003917
- ЭКБ идентификаторы
- 81957
- Редакция идентификаторы
- 81957_354311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:03
0 Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы № 14 «Родные просторы», «Туған өлке» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары:
9-тармақтың 11)тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«орталық нерв жүйесінің алаңғасарлық ауруымен зардап шегуші тұлғалар.»;
10-тармақтың 2)тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға үйін жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне осы Қағидалардың 15-тармағының 1, 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;»;
«осы Қағидалардың 9-тармағының 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 54 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 . Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.