О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 5 марта 2014 года № 176-5/25 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 5 марта 2014 года № 176-5/25 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіт туралы» № 176-5/25 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 283-5/35
- Қабылданған күні
- 30.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2018 88883_354315.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PF004422
- ЭКБ идентификаторы
- 88883
- Редакция идентификаторы
- 88883_354315
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:46
0 Железинка аудандық мәслихатының 2014
жылғы 5 наурыздағы «Железинка
ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» № 176-5/25 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2 - 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы «Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы аудандық «Родные просторы», «Туған өлке» газеттерінің № 14 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықты-рылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 2 кезеңдік басылымға жазылуға нақты шығындар бойынша, бірақ 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, уәкілетті органға өтініш негізінде»;
9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықты-рылсын:
«медициналық мекеменің қорытындысы бойынша балаға арналған қосымша тамаққа мұқтаж бір жасқа дейінгі жастағы балалары бар, орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің бір реттік мөлшерінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін)»;
9-тармақтың 10) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Железин аудандық ауруха-насына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін)»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініші негізінде»;
10-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, төртінші абзацтары және 11-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын.