Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Теректинского районного маслихата от 5 февраля 2014 года № 18-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района»

Ереже · № 11-4 · қабылданған 31.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2014-no-18-3/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Теректинского районного маслихата от 5 февраля 2014 года № 18-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 11-4 ·31.03.2017
17.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Теректинского районного маслихата от 5 февраля 2014 года № 18-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 11-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Теректинского районного маслихата от 5 февраля 2014 года № 18-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района»
Атауы (қаз.)
Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-4
Қабылданған күні
31.03.2017
Көрсетілген редакция
17.02.2020 111396_445928.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZL004774
ЭКБ идентификаторы
111396
Редакция идентификаторы
111396_445928
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:32

0 Теректі аудандық мәслихатының 2014

жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі
ауданының әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі (кіріспе) мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
2- тармақта 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалар алынып тасталсын;
9- тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:
«9) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кейін қайтуға дейін, плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі.»;
12-1, 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6, 24, 27-1 тармақтары алынып тасталсын.
көрсетілген қағиданың 1-қосымшасында 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні бір реттік».

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары М. Тоқжанов
2017 жылғы «31» наурыз

Қолданыстағы