О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 181 «Об утверждении Правил проведения Национального конкурса «Мерейлі отбасы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 181 «Об утверждении Правил проведения Национального конкурса «Мерейлі отбасы»
- Атауы (қаз.)
- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 343
- Қабылданған күні
- 07.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2017 112641_190572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000343
- ЭКБ идентификаторы
- 112641
- Редакция идентификаторы
- 112641_190572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:53
0 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.».