О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 5 мая 2014 года № 195 «Об утверждении нормативов по физической подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 5 мая 2014 года № 195 «Об утверждении нормативов по физической подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 349
- Қабылданған күні
- 24.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2020 145101_474505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021016
- ЭКБ идентификаторы
- 145101
- Редакция идентификаторы
- 145101_474505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:25
0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген,
2014 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерде:
Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер осы бұйрыққа
қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде
осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 349 бұйрығына
қосымша
Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер
Дене шынықтыру дайындығын бағалау кезінде нормативтерге киім нысанына негізделген түзетулер енгізіледі:
1 1) қонышы ұзын бәтеңкелерде әскери киім нысанында жаттығуларды (№ 2, 3, 4) орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;
2 2) әскери киім нысанында № 5 жаттығуды орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;
3 3) ауаның температурасы – 15 оС төмен, 30 оС жоғары болғанда, ал шаңғы жарысы және шаңғымен жүгіру үшін – +1 оС жоғары болғанда жаттығуларды орындау кезінде нормативтерді жеңілдету.
Р/с
№
Атауы
Жаттығу нөмірі
Өлшем бірлігі
Нәтеижелерг түзетулер
1)
2)
3)
1.
Белтемірде тартылу
3
неше рет
1
-
1
2.
Белтемірге аяқты көтеру
4
неше рет
1
-
1
3.
Белтемірге көтеріліп айналып түсу
5
неше рет
1
-
1
4.
Белтемірге күшпен көтерілу
6
неше рет
1
-
1
5.
Аралас күштік жаттығу
7
неше рет
1
-
1
6.
Белтемірге тіреліп қолды бүгу және жазу
8
неше рет
2
-
2
7.
Бөренеге тіреп бұрыш жасау
9
секунд
2
-
2
8.
100 метр жүгіру
34
секунд
1
-
1
9.
10х10 метр сырғымалы жүгіру
35
секунд
1
-
1
10.
400 метр жүгіру
36
секунд
5
-
5
11.
1000 метр жүгіру
37
секунд
10
25
10
12.
3000 метр жүгіру
38
минут, секунд
0,50
1,0
0,50
13.
5000 метр жүгіру
39
минут, секунд
1,30
2,0
1,30
14.
5 километр марш-бросок
42
минут, секунд
-
1,0
1,0
15.
10 километр марш-бросок
43
минут, секунд
-
2,0
2,0
16.
5 километр шаңғымен жүгіру
44
минут, секунд
2,0
-
2,0
17.
10 километр шаңғымен жүгіру
45
минут, секунд
4,0
-
4,0