О внесении изменений в постановление акимата от 5 ноября 2014 года № 2043 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел архитектуры и градостроительства" акимата города Рудного"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 5 ноября 2014 года № 2043 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Рудненский городской отдел архитектуры и градостроительства" акимата города Рудного"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 18.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 100870_Some(102168).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NB006248
- ЭКБ идентификаторы
- 100870
- Редакция идентификаторы
- 100870_Some(102168)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:59
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17-тармақта 2), 4), 8), 9) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«2) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын тиiстi мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;»;
8) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;».