Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата от 5 марта 2014 года № 418 "Об утверждении Положения о государственном учреждении (государственном органе) "Аппарат акима города Рудного"

Қаулы · № 54 · қабылданған 16.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2014-no-418/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата от 5 марта 2014 года № 418 "Об утверждении Положения о государственном учреждении (государственном органе) "Аппарат акима города Рудного" Күшін жойған Қаулы ·№ 54 ·16.01.2015
16.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата от 5 марта 2014 года № 418 "Об утверждении Положения о государственном учреждении (государственном органе) "Аппарат акима города Рудного"

Күшін жойған Қаулы ·№ 54 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата от 5 марта 2014 года № 418 "Об утверждении Положения о государственном учреждении (государственном органе) "Аппарат акима города Рудного"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
16.01.2015
Көрсетілген редакция
16.05.2016 86317_118283.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NB005341
ЭКБ идентификаторы
86317
Редакция идентификаторы
86317_118283
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:01

0 «Әкімдіктің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
24-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;»;
3-тарау мынадай мазмұндағы 21-1-тармағымен толықтырылсын:
«21-1. Рудный қаласы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Рудный қаласы әкімінің аппаратын басшысы басқарады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы