Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атырауского городского маслихата от 5 декабря 2014 года №230 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»

Ереже · № 252 · қабылданған 05.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2014-no230/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атырауского городского маслихата от 5 декабря 2014 года №230 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау» Күшін жойған Ереже ·№ 252 ·05.02.2015
09.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Атырауского городского маслихата от 5 декабря 2014 года №230 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»

Күшін жойған Ереже ·№ 252 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атырауского городского маслихата от 5 декабря 2014 года №230 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»
Атауы (қаз.)
Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №230 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
252
Қабылданған күні
05.02.2015
Көрсетілген редакция
09.09.2015 86825_276841.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15TA003105
ЭКБ идентификаторы
86825
Редакция идентификаторы
86825_276841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:47

0 Атырау қалалық мәслихатының

2014 жылғы 5 желтоқсандағы №230
«Атырау қаласында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №230 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3069 рет санымен тіркелген 2015 жылғы 9 қаңтарда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасында:

1 1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын
сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай – ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның
жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;»;

2 2) орыс тіліндегі мәтінде 3 тармақтағы «увелечения» деген сөз «увеличения» деген сөзбен ауыстырылсын;

3 3) 6 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстарды;»;

4 4) орыс тіліндегі мәтінде 9 тармақтағы «Агенства» деген сөз «Агентства» деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы