О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 191 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 23.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2019 121817_435258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005920
- ЭКБ идентификаторы
- 121817
- Редакция идентификаторы
- 121817_435258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:45
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 191 «Денсаулық сақтау
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11304 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 191 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4410 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
1-қосымшасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алуға арналған жүгінулерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі психиатр-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес психиатр-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтаманы беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттардың жиынтығын ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттер тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-іс-әрекеттер) мазмұны:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің дәрігер-психиатрына жібереді немесе көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1 тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші психиатр-дәрігері 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректерін психоневрологиялық ұйымның қадағалауындағы пациенттердің электрондық базасында тексерісті жүзеге асырады.
Нәтижесі - анықтама толтырылады, анықтамаға қол қояды және жеке мөрін басады, көрсетілетін қызметті алушыны кассаға жібереді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет үшін төлем қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісіне жібереді.
Нәтижесі - төлем туралы түбіртек беріледі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде төлем туралы түбіртек пен анықтаманы қабылдайды, анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына тіркейді, анықтамаға қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады.
Нәтижесі - психиатр-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтамасы беріледі.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің дәрігер–психиатры;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің дәрігер-психиатрына жібереді немесе көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1 тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші психиатр-дәрігері 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректерін психоневрологиялық ұйымның қадағалауындағы пациенттердің электрондық базасында тексерісті жүзеге асырады.
Нәтижесі - анықтама толтырылады, анықтамаға қол қояды және жеке мөрін басады, көрсетілетін қызметті алушыны кассаға жібереді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет үшін төлем қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Нәтижесі - төлем туралы түбіртек беріледі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде төлем туралы түбіртек пен анықтаманы қабылдайды, анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына тіркейді, анықтамаға қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады.
Нәтижесі - психиатр-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтамасы беріледі.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды курьер арқылы жолдайды - 15 (он бес) минут;
2 2) көрсетілетін қызметті берушіні анықтаманы дайындайды және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды - 2 (екі) сағат;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы
38 Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
2-қосымшасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алуға арналған жүгінулерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші;
2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі нарколог-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Cтандарт) 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нарколог-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтаманы беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттардың жиынтығын ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттер тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің нарколог-дәрігеріне жібереді немесе көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1 тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды;талаптарға сәйкестігін тексереді.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің нарколог-дәрігері 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректерін наркологиялық ұйымның қадағалауындағы пациенттердің электрондық базасында тексерісті жүзеге асырады.
Нәтижесі - наркологиялық ұйымның анықтамасы толтырылады, анықтамаға қол қояды және жеке мөрін басады, көрсетілетін қызметті алушыны кассаға жібереді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Нәтижесі - төлем туралы түбіртек беріледі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде төлем туралы түбіртек пен анықтаманы қабылдайды, анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына тіркейді, анықтамаға қол кояды, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады.
Нәтижесі - нарколог-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтамасы беріледі.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі;
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің нарколог-дәрігері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің нарколог-дәрігеріне жібереді немесе көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-1 тармағына сәйкес өтінімді қабылдамайды;талаптарға сәйкестігін тексереді.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің нарколог-дәрігері 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректерін наркологиялық ұйымның қадағалауындағы пациенттердің электрондық базасында тексерісті жүзеге асырады.
Нәтижесі - наркологиялық ұйымның анықтамасы толтырылады, анықтамаға қол қояды және жеке мөрін басады, көрсетілетін қызметті алушыны кассаға жібереді;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кассирі 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Нәтижесі - төлем туралы түбіртек беріледі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің медициналық тіркеушісі көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде төлем туралы түбіртек пен анықтаманы қабылдайды, анықтаманы мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына тіркейді, анықтамаға қол кояды, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін басады.
Нәтижесі - нарколог-дәрігердің Қазақстан Республикасының азаматына диспансерлік есепте болуы/болмауы туралы анықтамасы беріледі.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған құжаттарды курьер арқылы жолдайды - 15 (он бес) минут;
2 2) көрсетілетін қызметті берушіні анықтаманы дайындайды және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды - 2 (екі) сағат;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы
69 Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
3-қосымшасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің
«23» сәуірдегі 2018 жылғы
№ 186 қаулысымен бекітілген
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1 1. Жалпы ереже
1 1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы (бұдан әрі - анықтама).
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, көрсетілетін қызмет алушының деректерін тіркеу журналына тіркейді және анықтаманың бланкін береді.
Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынылмаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші Стандарттың 10-тармағына сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2 2) профильдык дәрігерлер 4 (төрт) сағат ішінде денсаулық жағдайын медициналық зерттеп-қарауды өткізеді;
3 3) дәрігер-терапевт 15 (он бес) минут ішінде кәсіптік жарамдылығы туралы мәліметтерді анықтамаға енгізеді;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде анықтамаға қол кояды;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде мөр қояды және анықтаманы береді.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара әрекет ету тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2 2) профильдык дәрігерлер;
3 3) дәрігер-терапевт;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, көрсетілетін қызмет алушының деректерін тіркеу журналына тіркейді және анықтаманың бланкін береді.
Қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынылмаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші Стандарттың 10-тармағына сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2 2) профильдык дәрігерлер 4 (төрт) сағат ішінде денсаулық жағдайын медициналық зерттеп-қарауды өткізеді;
3 3) дәрігер-терапевт 15 (он бес) минут ішінде кәсіптік жарамдылығы туралы мәліметтерді анықтамаға енгізеді;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде анықтамаға қол кояды;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде мөр қояды және анықтаманы береді.
8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет етулерінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Алдын ала міндетті
медициналық қарап-тексеруден өту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы