Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 192 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»

Қаулы · № 327 · қабылданған 20.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2015-no-192/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 192 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий» Күшін жойған Қаулы ·№ 327 ·20.09.2017
17.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 192 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»

Күшін жойған Қаулы ·№ 327 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 5 июня 2015 года № 192 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 192 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
327
Қабылданған күні
20.09.2017
Көрсетілген редакция
17.01.2020 115110_441260.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17C0005670
ЭКБ идентификаторы
115110
Редакция идентификаторы
115110_441260
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:51

0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 192 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11662 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 192 «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4412 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11662 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің басталуына негіз болып табылады.».

2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдулинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы