Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 5 июня 2015 года № 30/06 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования»

Қаулы · № 04/03 · қабылданған 22.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2015-no-3006/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 5 июня 2015 года № 30/06 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 04/03 ·22.01.2019
26.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 5 июня 2015 года № 30/06 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 04/03 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 5 июня 2015 года № 30/06 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования»
Атауы (қаз.)
«Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04/03
Қабылданған күні
22.01.2019
Көрсетілген редакция
26.03.2020 128870_450446.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19K0005168
ЭКБ идентификаторы
128870
Редакция идентификаторы
128870_450446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:18

0 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06

«Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
13 қыркүйектегі № 462 «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
8 сәуірдегі № 174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17567 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы

№ 30/06 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда
№ 107 (21858) «Индустриальная Караганда», № 122 (22 007) «Орталық Қазақстан», 2015 жылғы 4 тамызда газеттерінде, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11047 болып тіркелген)
1-қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады (бұдан әрі-стандарт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы