О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 32 «Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 32 «Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32/қе
- Қабылданған күні
- 01.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2021 154239_516553.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022484
- ЭКБ идентификаторы
- 154239
- Редакция идентификаторы
- 154239_516553
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:50
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы 20 маусымда № 115 (27991 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 32/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2015 жылғы
5 мамырдағы № 32 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен
жабдықтау нормалары
1 Р/с№
Бөлімше атауы
Өлшем бірлігі
Қызметтік жылықы
Оқу жылқысы
Айғыр
Бие (аналық бас)
Құлындар
Үйретілетін жылқы
1 жасқа дейінгі
2 жасқа дейінгі
3 жасқа дейінгі
1.
Шекара бөлімі (бөлімшесі)
бас
20
-
-
-
-
-
-
-
2.
Оқу-жаттығу –
үйрету
кавалериялық тобы
(бөлімшесі)
бас
6
-
3
30
30
30
30
30
3.
Шекара академиясы
бас
-
46
-
-
-
-
-
-
Ескертпелер:
1. Қызметтік жылқы – Шекара қызметінің мүддесі үшін қолданылатын жылқы.
2. Оқу жылқысы – белгіленген психологиялық және физиологиялық сапасы бар, оқу жүрісінде қолданылатын жылқы
3. Айғыр – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы.
4. Бие – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ұрғашы жылқы.
5. Тай-құлындар – 3 жасқа дейінгі жылқы төлі.
6. Үйретілетін жылқы - 3 жастан 5 жасқа дейінгі жастағы бөлімшелерге арналған үйретуден (бастықтырудан), баптаудан өткен жылқылардың санаты.
7. Оқу-жаттығу-үйрету кавалерлік тобы (бөлімшесі) – функциясы асыл тұқымды жылқыларды өсіру, көбейту, үйрету және жылқы қызметінің мамандарын дайындау болып табылатын құрылымдық бөлімше.
8. Қызметтік жылқылар 15 жыл бойы қолданылады.
2 Р/с №
Бөлімшелердің атауы
Өлшем
бірлігі
Иттер санаты
Қызметтік ит
Асыл
тұқымды
Саптық
Күшік
1.
Шекара бөлімі
(бөлімше)
бас
5
-
-
-
2.
Шекаралық
бақылау
тобы
бас
6
-
-
-
3.
Күзету бөлімшесі
(тобы)
бас
6
-
-
-
4.
Арнайы
мақсаттағы ұтқыр
іс-қимыл
бөлімшесі (тобы)
бас
4
-
-
-
5.
Кинолог
мамандарды
дайындау
бөлімшесі (тобы)
бас
-
-
50
-
6.
Қызметтік
иттерді өсіру,
көбейту және
дайындау бөлімі
бас
-
50
150
150
7.
Шекара
академиясы
бас
13
-
-
-
Ескертпелер:
1. Қызметтік ит – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, белгілеу және жолын кесу, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, блоктау және өзге де әсер ету мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге арналған ит.
2. Асыл тұқымды ит – асыл тұқымды иттерді өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ит.
3. Саптық ит – арнайы дайындық (жаттықтырылады) курсын өтпеген ит, сонымен қатар іздеу иттердің нұсқаушыларын дайындау бойынша оқу бөлімшелерінде, жетекшілерді дайындау бойынша жиындарда оқудағы ит, сондай-ақ бөлімшелер жанында жаттықтырылатын ит.
4. Күшік – жасы 6 айға дейінгі жас ит.
5. Қызметтік иттерді пайдалану мерзімі – 8 жыл 3 ай.