О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 мая 2015 года №115 «Об установлении объемов субсидий по районам (в зависимости от прогнозной структуры посевных площадей) на 2015 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 мая 2015 года №115 «Об установлении объемов субсидий по районам (в зависимости от прогнозной структуры посевных площадей) на 2015 год»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №115 «2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 16.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2016 92132_154826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0003959
- ЭКБ идентификаторы
- 92132
- Редакция идентификаторы
- 92132_154826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 мамырдағы №115
«2015 жылға арналған аудандар
бойынша субсидиялар көлемін
(егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №115 «2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3929 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымдағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.»;
3) Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3 3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2015 жылғы «16» шілдедегі №171
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
2015 жылғы «5» мамырдағы №115
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
2015 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша
субсидиялар көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)
№
Аудандар (қала)
Субсидия көлемі,
теңге
1
Бөрлі
130 464
2
Зеленов
2 209 658
3
Тасқала
43 488
4
Теректі
468 491
5
Орал қаласы
9 425
Облыс бойынша жиыны
2 861 526