Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 октября 2015 года №299 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 49 · қабылданған 01.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2015-no299/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 октября 2015 года №299 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·01.03.2016
16.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 октября 2015 года №299 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 октября 2015 года №299 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазаңдағы №299 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
01.03.2016
Көрсетілген редакция
16.05.2016 100603_82987.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003639
ЭКБ идентификаторы
100603
Редакция идентификаторы
100603_82987
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:12

0 «Оңтүстік Қазақстан облысының

сәулет және қала құрылысы
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазаңдағы
№299 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазаңдағы №299 «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3408 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi» деген тарауында:
16 тармақта:
2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13)-тармақшылармен толықтырылсын:
«7) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
8) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
9) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;
10) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
11) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
12) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Ұ.Сәдібеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев

Қолданыстағы