О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 июля 2016 года № 197 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление экономики и бюджетного планирования Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 июля 2016 года № 197 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление экономики и бюджетного планирования Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 29.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2024 199292_713825.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24V000192A
- ЭКБ идентификаторы
- 199292
- Редакция идентификаторы
- 199292_713825
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:20
0 «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына және 39-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 197 қаулысына (2017 жылғы 18 наурыздағы № 74, 2022 жылғы 24 қарашадағы № 287 қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ережесінің 15-тармағының 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«26) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшерін құраған жағдайда мыналар бойынша:
конкурстық (аукциондық) құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
концессионер таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілген кезде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды;
27) «Концессия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындау;
28) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссия туралы ережені құру;
29) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
30) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындау;
31) жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптаманың негізінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытынды дайындау;
32) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттаманы келісу және жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысын конкурсты ұйымдастырушыға жолдау;
33) облыстың бюджет комиссиялары мақұлдаған, тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастыру;
34) жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
35) шетел заңды тұлғалары мен өңірдегі мемлекеттік инвестициялық және басқа да басым жобаларды қаржыландыру мен инвестиция тарту мәселелері бойынша әлеуетті инвесторлармен өзара қарым-қатынас;
36) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексімен бекітілген тәртіпте экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша петицияларды өз құзыреті шегінде қарастыру;».
2 2. Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күзтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;