О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 июня 2017 года № 149 «О создании экологического коридора для обеспечения миграции Каратауских архаров на хребтах гор Каратау Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 июня 2017 года № 149 «О создании экологического коридора для обеспечения миграции Каратауских архаров на хребтах гор Каратау Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы» 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 28.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2022 167340_572330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22U0027911
- ЭКБ идентификаторы
- 167340
- Редакция идентификаторы
- 167340_572330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:11
0 Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы» 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы» 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
1
«1. Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай жалпы алаңы – 287521,4 гектар, оның ішінде: Бәйдібек ауданында – 129429,9 гектар, Созақ ауданында – 59996,7 гектар, Түлкібас ауданында – 34409,5 гектар және Сауран ауданында – 63685,3 гектар Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізі құрылсын.».