О снятии ограничительных мероприятий и признания утратившим силу постановления акимата города Риддера от 5 января 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Бутаково города Риддера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признания утратившим силу постановления акимата города Риддера от 5 января 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Бутаково города Риддера»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Риддер қаласының Бутаково ауылына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 26.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2018 120338_307551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VD005595
- ЭКБ идентификаторы
- 120338
- Редакция идентификаторы
- 120338_307551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:11
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Риддер қаласының Бутаково ауылына
шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы»
Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы
05 қаңтардағы № 5 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 27 ұсынымының негізінде Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Риддер қаласының Бутаково ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 5 «Риддер қаласының Бутаково ауылына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген, 10.02.2017 жылы «Лениногорская правда» газетінде жарияланған және 2017 жылғы 02 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.