Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 февраля 2018 года № 120 и исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 64 «Об утверждении Правил осуществления должностными лицами органов государственных доходов санитарно-карантинного контроля в автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также привлечения территориальных подразделений государственного органа в

Бұйрық · № 25 · қабылданған 13.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-120-20-2018-no-64/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 февраля 2018 года № 120 и исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 64 «Об утверждении Правил осуществления должностными лицами органов государственных доходов санитарно-карантинного контроля в автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также привлечения территориальных подразделений государственного органа в Қолданыста Бұйрық ·№ 25 ·13.01.2023
13.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 февраля 2018 года № 120 и исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 64 «Об утверждении Правил осуществления должностными лицами органов государственных доходов санитарно-карантинного контроля в автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также привлечения территориальных подразделений государственного органа в

Қолданыста Бұйрық ·№ 25 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 февраля 2018 года № 120 и исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 64 «Об утверждении Правил осуществления должностными лицами органов государственных доходов санитарно-карантинного контроля в автомобильных пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также привлечения территориальных подразделений государственного органа в
Атауы (қаз.)
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсау
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
13.01.2023
Көрсетілген редакция
13.01.2023 178164_619422.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031733
ЭКБ идентификаторы
178164
Редакция идентификаторы
178164_619422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:42

0

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 16530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қатері туындаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде, өз қызметінде КОК шешімдерін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) басшылыққа алады.»;
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Денсаулық туралы кодекстің 38-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен әкелуге тиым салынған өнімдерге қатысты санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынуды;».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы