О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование»
- Атауы (қаз.)
- «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 26.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2022 168320_577663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028279
- ЭКБ идентификаторы
- 168320
- Редакция идентификаторы
- 168320_577663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:43
0 «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы
5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 66-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған есептерді талдауды құзыретті орган 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Есептерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі 1 (бірінші) сәуірге дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушыларға Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелердің есепті жыл үшін кемінде отыз пайызға орындалуы туралы хабарлама жіберіледі.
Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелердің нақты көлемі бойынша келісімшарт талаптарының бұзушылықтарын жою мерзімі 6 (алты) айдан, Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген міндеттеме бойынша – 3 (үш) айдан, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген өзге де міндеттемелер бойынша Кодекстің 133-бабының 3-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 1 (бір) айдан аспауға тиіс.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі