Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 165 «Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа»

Бұйрық · № 231 · қабылданған 25.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-165/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 165 «Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 231 ·25.06.2024
25.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 165 «Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 231 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 165 «Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа»
Атауы (қаз.)
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
231
Қабылданған күні
25.06.2024
Көрсетілген редакция
25.06.2024 198127_707859.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034588
ЭКБ идентификаторы
198127
Редакция идентификаторы
198127_707859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:53

0 «Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанында:
3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) әзірлеуге негіздеме: жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе әзірлеменің талдауы»;
Ескертпе жаңа редакцияда жазылсын:
«Ескертпе*:
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.»

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы