О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 марта 2018 года № 171 «Об утверждении натуральных норм технических средств фиксации фактов совершения уголовных, административных правонарушений и действий сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 марта 2018 года № 171 «Об утверждении натуральных норм технических средств фиксации фактов совершения уголовных, административных правонарушений и действий сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 578
- Қабылданған күні
- 25.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2019 132874_412096.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018925
- ЭКБ идентификаторы
- 132874
- Редакция идентификаторы
- 132874_412096
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:24
0 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің
іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің
іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы
№ 171 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16811 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарына ішкі істер органдарының бөліністерін портативті бейнетіркегіштермен және деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалдарымен (деректерді алу жүйесі) жарақтауды тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар және іс-әрекеттерді жасау фактілерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті (Т.Т. Ахметов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне
(Т.Т. Ахметов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2019 жылғы «____» _______
0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 578 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 5 наурыздағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін
қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және
тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары
р/с №
Мүліктің атауы
саны
(жинақ)
Тиесілігі
Ескертпе
Пайдалану мерзімі
1
Портативті
бейнетіркегіш
(бейнежетон)
1
Патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне, Көліктегі және метрополитендегі патрульдік полицияның әрбір нарядына (ауысымына), әрбір учаскелік полиция инспекторына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес арнайы бөлінісінің әрбір қызметкеріне және ішкі істер органдарының әрбір кезекші жедел-тергеу тобына.
Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін
7 жыл
2.
Деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалы (деректерді алу жүйесі)
1
Әрбір полиция департаменті, Көліктегі полиция департаменті, қалалық, аудандық желілік органдарға, әрбір ішкі істер органдарының кезекші бөліміне
1 станция 56 портативті бейнетіркегішке дейін
7 жыл