О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2018 года № 171 «Об утверждении ставок таможенных сборов, взимаемых органами государственных доходов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2018 года № 171 «Об утверждении ставок таможенных сборов, взимаемых органами государственных доходов»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 631
- Қабылданған күні
- 02.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2023 184582_645590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000631
- ЭКБ идентификаторы
- 184582
- Редакция идентификаторы
- 184582_645590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:32
0 «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 171 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері
Кедендік төлемнің атауы
АЕК-дегі (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш) мөлшерлемелер
1
2
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым:
тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;
6 АЕК
транзиттік декларацияны пайдаланумен;
6 АЕК
тауарларға арналған декларация ретінде мәлімдемені пайдаланумен;
0 АЕК
тауарларға арналған декларация ретінде тізбені пайдаланумен;
0 АЕК
экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны пайдаланумен;
0 АЕК
халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін
0 АЕК
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым
50 километрге дейінгі қашықтыққа 1 АЕК,
50-ден 100 километрге дейінгі қашықтыққа 2 АЕК,
100-ден 200 километрге дейінгі қашықтыққа 3 АЕК,
200-ден 400 километрге дейінгі қашықтыққа 13 АЕК,
400-ден 600 километрге дейінгі қашықтыққа 22 АЕК,
600-ден 800 километрге дейінгі қашықтыққа 34 АЕК,
800-ден 1000 километрге дейінгі қашықтыққа 35 АЕК,
1000-нан 1500 километрге дейінгі қашықтыққа 58 АЕК,
1500-ден 2000 километрге дейінгі қашықтыққа 79 АЕК,
2000-нан 2500 километрге дейінгі қашықтыққа 93 АЕК
Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым
9 АЕК
_____________________________