Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 «Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния»

Бұйрық · № 114 · қабылданған 22.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-21/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 «Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния» Қолданыста 22.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 «Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния»

Қолданыста Бұйрық № 114 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 21 «Об утверждении Типового кодекса корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114
Қабылданған күні
22.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.08.2026
Көрсетілген редакция
22.07.2026 228040_840182.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039375
ЭКБ идентификаторы
228040
Редакция идентификаторы
228040_840182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:46
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Іскерлік әдеп кодексі – директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының сақтауы үшін міндетті іскерлік әдептің негізгі құндылықтары мен стандарттарын белгілейтін қағидаттар мен қағидалар жиынтығы;»;
226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«226. Мүдделер қақтығысын болғызбаудың, анықтаудың, бағалаудың және реттеудің негізгі қағидаттары директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінде бекітіледі.
Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік құндылықтарды, әдеп қағидаттары мен мінез-құлық стандарттарын, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ оның ережелерінің сақталмау салдарын айқындайды.
Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтайды.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-параграфпен толықтырылсын:
«23-1-параграф. Іскерлік әдеп және корпоративтік мәдениет
226-1. Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналы:
қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтауы, өз қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;
қызметтік міндеттерін тиімді атқаруы үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы;
жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауы;
келіссөздер (кездесулер) барысында адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік танытуы және басқаларға құрмет көрсетуі;
ұйымның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі;
қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауы;
қызметтік дәреже сатысын сақтауы;
қызметтік міндеттерін орындау барысында жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес киімнің ресми, ұстамды, іскерлік стилін ұстануы;
іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы қажет.
226-2. Лауазымды адамдар іскерлік әдеп талаптары мен мінез-құлық қағидаларының бұзылуына байланысты жағдайларды болғызбайды, анықтайды және шешеді.
Қоғамның лауазымды адамдары мен персоналының құзыретіне сәйкес іскерлік әдеп талаптарын бұзумен байланысты проблемаларға :
жағдайды түзету және кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік сипаттағы пәрменді шараларды қабылдау және/немесе ұсыну;
тиісті құрылымдық бөлімшелермен және/немесе органдармен консультациялар өткізу арқылы ден қояды.».

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі