О внесении изменения в решение ХХІ сессии Шетского районного маслихата от 5 мая 2018 года № 21/180 «Об установлении единых ставок фиксированного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение ХХІ сессии Шетского районного маслихата от 5 мая 2018 года № 21/180 «Об установлении единых ставок фиксированного налога»
- Атауы (қаз.)
- Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 21/180 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/208
- Қабылданған күні
- 04.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 125363_469321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KQ004985
- ЭКБ идентификаторы
- 125363
- Редакция идентификаторы
- 125363_469321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:00
0 Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» №21/180 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 543, 544, 545 баптарына және 546 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» №21/180 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4767 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 мамырда, 2018 жылдың 24 мамырында «Шет Шұғыласы» №22 (10694) газетінде жарияланған), мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 4 қазандағы
ХХІV сессиясының
шешіміне № 24/208 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 5 мамырдағы
XXI сессиясының
№21/180 шешіміне
қосымша
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
1
Бір ойыншы мен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
Айлық есептік көрсеткіш
5
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
Айлық есептік көрсеткіш
7
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
Айлық есептік көрсеткіш
2
4
Ойын жолы
1
Айлық есептік көрсеткіш
50
5
Карт
1
Айлық есептік көрсеткіш
10
6
Бильярд үстелі
1
Айлық есептік көрсеткіш
10
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
1
Айлық есептік көрсеткіш
10