О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 5 апреля 2018 года № 236/27 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Экибастуза»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 5 апреля 2018 года № 236/27 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата города Экибастуза»
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 236/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149/21
- Қабылданған күні
- 25.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2023 171014_650855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PC14921M
- ЭКБ идентификаторы
- 171014
- Редакция идентификаторы
- 171014_650855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:27
0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі
«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 236/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 236/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) бағалау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты не кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға оның жұмыс органы болып табылады, бұдан әрі кадр қызметі жөніндегі бас маман.
Комиссияның құрамын уәкілетті тұлға айқындайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акт жасалады, оған бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40 - тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.»;
42-тармақ алынып тасталсын.