О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 сентября 2018 года № 263 «Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 5 сентября 2018 года № 263 «Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства»
- Атауы (қаз.)
- «Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 30.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 197258_702126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24V0902916
- ЭКБ идентификаторы
- 197258
- Редакция идентификаторы
- 197258_702126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:18
0 «Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 134 Қаулыға
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 263 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері
Кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында белгіленген бір гектар бойынша кен іздеушілік бойынша операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының 10%-ы мөлшерінде мынадай формула бойынша айқындалады:
О1=(3170×АЕК×10%)/5
мұндағы:
О1 – кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш және кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
/5 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін алу үшін.