О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 5 июля 2018 года № 28-1 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города районного значения, сельских округов Зайсанского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 5 июля 2018 года № 28-1 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города районного значения, сельских округов Зайсанского района»
- Атауы (қаз.)
- Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 28-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32-7
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 126985_690023.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VK000182
- ЭКБ идентификаторы
- 126985
- Редакция идентификаторы
- 126985_690023
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:22
0 Зайсан аудандық мәслихатының
2018 жылғы 5 шілдедегі «Зайсан
ауданының аудандық маңызы
бар қала, ауылдық округтердің
жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламентін бекіту туралы» № 28-1
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 28-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-162 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 тамызда «Достық» газетінде және 2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
1 «1. Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
аталған шешіммен бекітілген «Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің»:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
1
«1. Осы Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.».