Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского районного маслихата от 5 марта 2018 года № 29-155 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района»

Ереже · № 70-326 · қабылданған 29.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-29-155/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского районного маслихата от 5 марта 2018 года № 29-155 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района» Күшін жойған Ереже ·№ 70-326 ·29.04.2020
28.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского районного маслихата от 5 марта 2018 года № 29-155 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 70-326 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Жамбылского районного маслихата от 5 марта 2018 года № 29-155 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района»
Атауы (қаз.)
Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 29-155 «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70-326
Қабылданған күні
29.04.2020
Көрсетілген редакция
28.09.2023 142740_707318.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DG005521
ЭКБ идентификаторы
142740
Редакция идентификаторы
142740_707318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:43

0 Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 29-155

«Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 29-155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4576 тіркелген, 2018 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;»;
«4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.»;
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 500 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының «Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдармен байланыс, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы