Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района»

Ереже · № 60-10 · қабылданған 07.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-29-2-ekb-141564/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района» Күшін жойған Ереже ·№ 60-10 ·07.04.2020
04.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 60-10 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района»
Атауы (қаз.)
Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60-10
Қабылданған күні
07.04.2020
Көрсетілген редакция
04.12.2023 141564_702742.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DN005462
ЭКБ идентификаторы
141564
Редакция идентификаторы
141564_702742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:11

0 Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2

«Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген, 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;»;
«4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.»;
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.»;
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы