О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 5 марта 2018 года № 38 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауской области», областных исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 5 марта 2018 года № 38 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима Мангистауской области», областных исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112-1
- Қабылданған күні
- 11.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2022 169806_583262.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22M001121A
- ЭКБ идентификаторы
- 169806
- Редакция идентификаторы
- 169806_583262
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:05
0
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бектілген Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт жасалып, оған персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алып тасталсын.
2 2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;