Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 «Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты»

Бұйрық · № 775 · қабылданған 26.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2018-no-517-ekb-133570/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 «Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты» Қолданыста Бұйрық ·№ 775 ·26.07.2019
26.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 «Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 775 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 «Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты»
Атауы (қаз.)
«Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
775
Қабылданған күні
26.07.2019
Көрсетілген редакция
26.07.2019 133570_416067.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019102
ЭКБ идентификаторы
133570
Редакция идентификаторы
133570_416067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:01

0 «Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы – «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;
2) біліктілік комиссиясы – «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы;
3) біліктілік комиссиясының жұмыс органы - біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру мақсатында бағалаушылар палатасы құрған орган;
4) кандидат – біліктілік комиссиясына емтихан тапсыратын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлға;
5) тест тапсырмалары – бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген құқықтық мәселелерді, бағалау теориясы бойынша мәселелерді, тиісті мамандық бойынша модульдік міндеттерді және ахуалдық тапсырманы қамтитын «бағалаушы» немесе «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың білімі мен дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалар көлемі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік емтиханға рұқсат алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;
8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бағалау қызметі саласындағы білімі мен дағдыларын растау үшін кандидаттар компьютерлік техниканы пайдалана отырып тестілеуден өту арқылы тиісті мамандық бойынша құқықтық мәселелер, бағалау теориясы және модульдік міндеттер бойынша тест тапсырмаларын тапсырады.
Кандидаттар компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін ахуалдық есепті жазбаша түрде шешуді орындайды.»;
мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Тест тапсырмаларын келісу үшін бағалаушылар палатасы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға дұрыс жауаптар мен оларға шешімдер ұсынылады.
Тест тапсырмалары мемлекеттік, орыс тілдерінде жасалады және жариялануға жатпайды.
13-2. Тест тапсырмалары таратылуы шектеулі мәліметтерге жатады.»;
19 және 20 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. «Бағалаушы» біліктілік куәлігін алуға кандидаттар үшін тест тапсырмалары тапсырмалар базасы негізінде әрбір мамандық бойынша бөлек қалыптастырылады және мынадай модульдерге кіретін 100 (жүз) тапсырмадан тұрады:
1) құқықтық реттеу және бағалау стандарттары – 19 сұрақ әрбір мамандандыру;
2) жылжымайтын мүлікті бағалау теориясы – 45 сұрақ;
3) жылжымалы мүлікті бағалау теориясы – 45 сұрақ;
4) зияткерлік меншік және материалдық емес активтерді бағалау теориясы – 25 сұрақ;
5) бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқықтары теориясы – 30 сұрақ;
6) бағалау бойынша модульдік міндеттер:
жылжымайтын мүлік – 30 тапсырма бойынша;
жылжымалы мүлік – 30 тапсырма бойынша;
зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құны – 10 міндет бойынша;
бизнесті және бизнеске қатысу құқығы – 10 тапсырма;
7) әрбір мамандық бойынша жеке жазбаша ахуалдық міндет – 1 міндет бойынша;
8) бағалаушылар әдеп кодексі – 5 сұрақтан.
20. «Сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер кандидаттардың тест тапсырмалары әрбір мамандық бойынша тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және модульдерге енгізілген 50 (елу) тапсырмадан тұрады:
1) құқықтық реттеу – 14 сұрақ;
2) бағалау стандарттары, оның ішінде бағалаудың халықаралық стандарттары – 10 сұрақ;
3) бағалау әдіснамасы – 10 сұрақ;
4) бағалау туралы есептерге сараптама жүргізу әдіснамасы –10 сұрақ;
5) жазбаша ахуалдық міндет – 1 міндет;
6) бағалаушылар әдеп кодексі – 5 сұрақ.»;
мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:
«26-1. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі.
26-2. «Сарапшы» біліктілік куәлігін алу үшін бағалаушының біліктілік емтиханынан өтуі тек бағалаушының «бағалаушы» біліктілік куәлігі бар мамандық бойынша ғана болады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы