О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Урыльского сельского округа Катон - Карагайского района от 5 июня 2019 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Урыль Урыльского сельского округа Катон – Карагайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Урыльского сельского округа Катон - Карагайского района от 5 июня 2019 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Урыль Урыльского сельского округа Катон – Карагайского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс - шараларын тоқтату және Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 1 «Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 09.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2019 136912_431570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VMB06371
- ЭКБ идентификаторы
- 136912
- Редакция идентификаторы
- 136912_431570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:27
0 Шектеу іс - шараларын тоқтату және Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 1 «Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 118 ұсынысына сәйкес, Өрел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара мал арасында сарып ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылының аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2
2. Өрел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 1 «Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің Өрел ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5994 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.