О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/482-VI
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2024 148068_722783.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007711
- ЭКБ идентификаторы
- 148068
- Редакция идентификаторы
- 148068_722783
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:23
0 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды
алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңгеде айқындалсын.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері;».