О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 5 ноября 2019 года № 34/367-VI «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/131-VII
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2024 167617_722781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22V0027982
- ЭКБ идентификаторы
- 167617
- Редакция идентификаторы
- 167617_722781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:04
0 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.».