Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 350 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 61 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере регистрации юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями»

Бұйрық · № 970 · қабылданған 28.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2019-no-350-9-2019-no-61-ekb-174567/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 350 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 61 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере регистрации юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями» Қолданыста Бұйрық ·№ 970 ·28.11.2022
28.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 350 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 61 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере регистрации юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями»

Қолданыста Бұйрық ·№ 970 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 350 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 61 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере регистрации юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями»
Атауы (қаз.)
«Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
970
Қабылданған күні
28.11.2022
Көрсетілген редакция
28.11.2022 174567_604035.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030831
ЭКБ идентификаторы
174567
Редакция идентификаторы
174567_604035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:37

0

«Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

1 Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 970
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 350 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 61 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды,
филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) тексеру парақтарының нысандарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі - салық салу объектісін тіркеу орны бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-тіркеуші орган);

2 2) болмашы бұзушылықтар – тіркеу іс-әрекеттері кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

3 3) елеулі бұзушылықтар – тіркеу іс-әрекеттері кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

4 4) өрескел бұзушылықтар - тіркеу әрекеттерінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерiн елеулi бұзуға әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

5 5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

6 6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

7 7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

8

8) тіркеу әрекеттері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу; заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, коммерциялық ұйымдарға жататын филиалдар мен өкілдіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығаруды тіркеу.

3 3. Бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2 2-тарау. Объективті өлшемшарттар

4 4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне тіркеуші орган жатады.

Кодекстің 28-бабының 13-тармағында айқындалған, заңды тұлғалар туралы ақпаратты заңсыз таратуға әкеп соғуы мүмкін деректерді қоспағанда, бақылау субъектілерінің заңды тұлғалар туралы ақпараттың (дербес деректердің) сақталуын қамтамасыз етуге байланысты бақылау субъектілерінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына қарай тіркеуші органның қызметі тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады, бұл заңды тұлғалар (дербес деректер) және құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) туралы ақпаратты заңсыз таратуға әкеп соғуы және мемлекет кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін

5 5. Тіркеуші органдарға қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

6 6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

1 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

7 7. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

2 2) бақылау субъектілеріне бару арқылы алдынғы профилактикалық бақылау нәтижелері;

3 3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

4 4) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

5 5) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;

6 6) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

8 8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

Бақылау субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу пайдаланылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары осы Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:

1 1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

2 2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

3 3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі екі реттен аспайды.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2 Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары

Коммерциялық ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларды,
филиалдар мен өкілдіктерді
тіркеу саласында тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша
Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін
бағалаудың субъективті өлшемшартары

Заң­ды тұ­лға­лар­ды тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу са­ла­сын­да тәу­е­кел дә­ре­же­сін ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын, оның ішін­де мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, ме­ке­ме­лер және са­ла­лық ұй­ым­дар жүр­гі­зе­тін ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­лер ар­қы­лы ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­рин­гі­леу нәти­же­ле­рі
1)
Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiр­лерiнiң ұлт­тық ті­зі­лім­ді дәй­ек­сіз тол­ты­ру
Өрес­кел
2. Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне ба­ру ар­қы­лы ал­дың­ғы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (бұ­зу­шы­лық­тың ауыр­лық дә­ре­же­сі атал­ған та­лап­тар­дың сақ­тал­мау ке­зін­де бел­гі­ле­не­ді)
1)
ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар «Заң­ды тұ­лға­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу ту­ра­лы» Заң­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
2)
сот ак­ті­ле­рі және сот орын­да­у­шы­ла­ры мен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қа­улы­ла­ры (тый­ым са­лу­ла­ры, тый­ым са­лу­ла­ры) болған кез­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
3)
заң­ды тұл­ға­ны құ­ру­дың, қай­та тiр­ке­удің және қай­та ұй­ым­да­сты­ру­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­тiлерiн­де бел­гi­лен­ген тәр­тiбi­нің бұ­зы­луы, құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­на сәй­кес кел­ме­ген кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
4)
өт­кі­зу ак­ті­сі неме­се бө­лу ба­лан­сы ұсы­ныл­ма­ған не олар­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған заң­ды тұл­ға­ның құқық­тық ми­рас­қор­лы­ғы ту­ра­лы ере­же­лер бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
5)
егер заң­ды тұл­ға неме­се заң­ды тұл­ға­ның жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) әре­кет­сіз заң­ды тұл­ға бо­лып та­был­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
6)
егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет ет­пей­тін заң­ды тұ­лға­лар­дың жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­был­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
7)
егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет­ке қа­бiлет­сiз неме­се әре­кет қа­бiлетi шек­те­улі деп та­ныл­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
8)
егер же­ке тұл­ға, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға ха­бар-ошар­сыз кет­кен деп та­ныл­са, қай­тыс бол­ды деп жа­ри­я­лан­са, қай­тыс болған ре­т­ін­де тір­кел­се не оның мәр­те­бе­сі ай­қын­дал­ма­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
9)
егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң 237, 238-бап­та­ры бой­ын­ша қыл­мыста­ры үшін жой­ыл­ма­ған неме­се алын­ба­ған сот­тал­ғанды­ғы бар бол­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
10)
егер мем­ле­кет­тік тір­кеу ке­зін­де құ­ры­л­тай­шы (же­ке тұл­ға және (неме­се) заң­ды тұл­ға), оның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры, заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы және (неме­се) бас­шы­сы, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­был­са, мер­зім­дік тө­лем­дер­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­бы­ла­тын және үш ай­дан астам мер­зім­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бе­ре­ше­гi жоқ тұл­ға­ны қо­с­па­ған­да, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
11)
егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне және (неме­се) тер­ро­ризмді және экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ен­гі­зі­л­ген бол­са және сот ше­ші­мі бой­ын­ша тәр­кі­лен­ген және (неме­се) өн­ді­ріп алын­ған ак­ци­я­лар­ды (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін) қо­с­па­ған­да тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
12)
бас­шы­лар­дың/ құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (мү­ше­лер­дің, қа­ты­су­шы­лар­дың) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын жо­ғал­ған және (неме­се) жа­рам­сыз құ­жат­тар­мен тір­кеу ке­зін­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
13)
тір­кеу іс-әре­кет­те­ріне қа­жет­ті құ­жат­тар па­ке­ті то­лық бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
Өрес­кел
14)
тір­кеу іс-әре­кет­те­рі­нен негіз­сіз бас тар­ту­ға жол бер­меу
Өрес­кел
15)
тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу мер­зім­де­рін сақ­та­мау
Өрес­кел
16)
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бер­меу
Еле­улі
17)
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің биз­нес-про­це­сте­рін сақ­та­мауы
Еле­улі
18)
тір­кеу іс-әре­кет­те­рі мер­зі­мін негіз­сіз үзу­ге жол бер­меу
Еле­улі
19)
тір­кеу іс­те­рін ти­ісін­ше жүр­гіз­бе­уі және сақ­та­мау
Өрес­кел
20)
бір және одан да көп рас­тал­ған ша­ғым­ның неме­се өті­ніш­тің бо­луы
Еле­улі
3. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ре­сми ин­тер­нет - ре­сур­ста­рын, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын
1)
ре­сми ин­тер­нет - ре­сур­ста­ры мен бас­па шы­ға­ры­лым­дар­да заң­ды тұ­лға­лар­ды заң­сыз тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу фак­ті­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
Бол­ма­шы
2)
ре­сми ин­тер­нет - ре­сур­ста­ры мен бас­па шы­ға­ры­лым­дар­да заң­ды тұ­лға­лар­ды заң­сыз тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу ке­зін­де аза­мат­тар­дың же­ке де­ректе­рін, оның ішін­де же­ке өмі­рі­нің құ­пи­я­сын, ақ­па­рат­тың бо­луы
Өрес­кел
4. Уәкі­лет­ті ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
1)
сот­тың ба­қы­лау субъ­ек­ті­ге қа­ты­сты же­ке қа­у­лы неме­се ұй­ға­рым шы­ға­ру фак­ті­сі­нің орын алуы
Өрес­кел
2)
кінә­сі көр­се­ті­ліп, тір­ке­лу фак­ті­сін жа­рам­сыз деп та­ну ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот­тың ше­шім­ді шы­ға­руы фак­ті­сі­нің бо­луы
Өрес­кел
3)
сот­тың ба­қы­лау субъ­ек­ті­ге қа­ты­сты ла­у­а­зым­ды адам­дар­дың әре­ке­тіне неме­се әре­кет­сіз­ді­гіне негіз­дел­ген ша­ғым­ға сәй­кес заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­ді шы­ға­ру фак­ті­сі­нің бо­луы
Өрес­кел

2 Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 970 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 350 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 61 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Тексеру парағы
Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарының (бұдан әрі - тіркеу органдары) қызметіне қатысты
_________________________________________________________________
(бақылау субъектілерінің бірыңғай тобының атауы)
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған
мемлекеттік орган _______________
________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау
туралы акт
_________________________________________________________________
(№ , күні) Бақылау субъектісінің атауы
_________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі),
_________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы

Талаптардың тізімі
Талаптарға сай
Талаптарға сай емес
1
2
3
4
1
ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
2
қызмет алушылардың ақпараттық жүйлерден алған құжаттарын талап етуді болдырмау
3
сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, тыйым салулары) болған кезде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу
4
заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары сәйкес келмеген кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
5
өткізу актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
6
егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
7
егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
8
егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
9
егер жеке тұлға, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
10
егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
11
егер мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
12
егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса және сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
13
басшылардың/құрылтайшылардың (мүшелердің, қатысушылардың) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттармен тіркеу кезінде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу
14
тіркеу іс-әрекеттеріне қажетті құжаттар пакеті толық болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу
15
тіркеу іс-әрекеттерінен негізсіз бас тартуға жол бермеу
16
тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау
17
көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін сақтамауы
18
тіркеу іс-әрекеттері мерзімін негізсіз үзуге жол бермеу
19
тіркеу істерін тиісінше жүргізбеуі және сақтамау
20
бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тізілімінде мәліметтерді дәйексіз толтыру
21
бір және одан да көп расталған шағымның немесе өтініштің болуы
Лауазымды тұлға: _________________________________________________
лауазым қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау субьектісінің басшысы _____________________________________
лауазым қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолданыстағы