О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 20.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2020 145656_477008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000527
- ЭКБ идентификаторы
- 145656
- Редакция идентификаторы
- 145656_477008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:10
0 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27,
236 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
«1. Жалпы ережелер» деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
«16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының
2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;»;
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының Мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;»;
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;
мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгізу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесін;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу тәртiбiн;
парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;
жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;
мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын;
қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;
қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;
мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын бекітеді;»;
276) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«276) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 281-1) және 281-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«281-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
281-2) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 282-1) тармақшамен толықтырылсын:
«282-1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;»;
306) тармақша алып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 80-бабының 2-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;
23) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша орыс тіліндегі өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
55) және 56) тармақшалар алып тасталсын;
136) тармақша алып тасталсын;
143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«143) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;»;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;»;
208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«208) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»;
216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«216) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
219-1) тармақша алып тасталсын;
220) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«220) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгілейді;»;
225) тармақша алып тасталсын;
229) және 230) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«229) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;
230) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін айқындайды;»;
250) және 251) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«250) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
251) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;»;
259) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«259) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
261-1) тармақша алып тасталсын;
299) тармақша алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Министрліктің мүлкі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату».