О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района от 5 февраля 2020 года № 21 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мартукскому району на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района от 5 февраля 2020 года № 21 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мартукскому району на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 «2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 341
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 149729_497737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CH007775
- ЭКБ идентификаторы
- 149729
- Редакция идентификаторы
- 149729_497737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:17
0 Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 «2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 «2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6805 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 ақпанда электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
1-жолдағы «Мәртөк аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны» деген сөздер «Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны» деген сөздерімен ауыстырылсын;
2-жолдағы «Родники» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздер «РОДНИКИ-АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
5-жолдағы «Экспоинжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздер «ЭКСПОИНЖИНИРИНГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
6-жолдағы «Агрофирма Коквест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздер «Агрофирма «Коквест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздерімен ауыстырылсын;