О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района от 5 февраля 2020 года № 22 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Мартукскому району на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мартукского района от 5 февраля 2020 года № 22 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Мартукскому району на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 «2020 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 298
- Қабылданған күні
- 04.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2020 148364_493863.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CH007589
- ЭКБ идентификаторы
- 148364
- Редакция идентификаторы
- 148364_493863
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:55
0
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 «2020 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 «2020 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6806 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 ақпанда жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
2-жолдағы «1» саны «8» санына ауыстырылсын»;
3-жолдағы «Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны» деген сөздер «Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны» деген сөздерімен ауыстырылсын;
4-жолдағы «Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
5-жолдағы «Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мәртөк аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
6-жолдағы «Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мәртөк аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
7-жолдағы «Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратаусай жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мәртөк аудандық білім, бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратаусай жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
8-жолдағы «Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мәртөк аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздерімен ауыстырылсын.