Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427 «О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Жарлық · № 266 · қабылданған 19.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2020-no-427-ekb-183102/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427 «О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 266 ·19.06.2023
19.06.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427 «О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 266 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427 «О некоторых вопросах Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
19.06.2023
Көрсетілген редакция
19.06.2023 183102_638632.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000266
ЭКБ идентификаторы
183102
Редакция идентификаторы
183102_638632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:19

0 «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;»;
2) тармақша мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау.»;
15-тармақта:
23), 27), 33), 35), 37), 38), 39), 55) және 56) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;»;
«27) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелім;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімі;
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;»;
«33) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
«35) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
«37) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
38) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;
39) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«55) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
56) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;»;
67) және 68) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 82-1), 82-2), 82-3) және 82-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«82-1) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыруды жүргізу;
82-2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;
82-3) Агенттікке цифрлық трансформациялауды жүргізу;
82-4) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Агенттіктің қызметіне функционалдық талдау жүргізу;».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы