О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 29.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 183457_641110.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2300000272
- ЭКБ идентификаторы
- 183457
- Редакция идентификаторы
- 183457_641110
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:09
0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 44-2) және 44-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«44-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін келісу;
44-3) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдардан сатып алынатын, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 84-2) және 84-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«84-2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;
84-3) цифрлық трансформацияны жүргізу;».