О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 30.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 202163_726104.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2400000562
- ЭКБ идентификаторы
- 202163
- Редакция идентификаторы
- 202163_726104
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:18
0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) құқықтық актілерге оларда бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкiн ережелердің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) конгломераттардың қызметін талдау және мониторингтеу;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 82-2) тармақшамен толықтырылсын:
«82-2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:
«83-1) конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».