Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»

Жарлық · № 809 · қабылданған 07.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2020-no-428-ekb-207864/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 809 ·07.03.2025
07.03.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 809 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
809
Қабылданған күні
07.03.2025
Көрсетілген редакция
07.03.2025 207864_747452.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2500000809
ЭКБ идентификаторы
207864
Редакция идентификаторы
207864_747452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:42

0 «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2) және 52-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) мынадай:
зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғалардан сатып алған;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұлттық қауіпсіздік, сайлау комиссиялары органдарының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;
52-2) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алған, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысу үшін ақы төлеген жағдайларда, шартты тікелей жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру;»;
52-3) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
67) және 68) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«67) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасының мәселелері жөнінде ақпарат жариялау;
68) биржа саудасын дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;»;
мынадай мазмұндағы 69 -1) тармақшамен толықтырылсын:
«69-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тауар биржасы, биржалық брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау, сондай-ақ лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялау;»;
мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
«74-1) биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;».

2

2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші, он екінші абзацтарын және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін оныншы, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы