О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2020 года № 456 «Об утверждении форм реестра требований кредиторов, Правил и сроков его формирования временным администратором и временным управляющим»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2020 года № 456 «Об утверждении форм реестра требований кредиторов, Правил и сроков его формирования временным администратором и временным управляющим»
- Атауы (қаз.)
- «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 28.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2023 179217_623396.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031984
- ЭКБ идентификаторы
- 179217
- Редакция идентификаторы
- 179217_623396
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:17
0
«Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20592 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кредиторлар талаптарының тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім қалыптастырады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Уақытша әкімші оңалту туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде аумақтық мемлекеттік кірістер органының интернет-ресурсына орналастыру үшін тізілімді жібереді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.