О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 июля 2020 года № ҚР ДСМ-78/2020 «О некоторых вопросах организации и проведения санитарнопротивоэпидемических и санитарно-профилактических мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 июля 2020 года № ҚР ДСМ-78/2020 «О некоторых вопросах организации и проведения санитарнопротивоэпидемических и санитарно-профилактических мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ - 93/2020
- Қабылданған күні
- 31.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2024 145223_719873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021043
- ЭКБ идентификаторы
- 145223
- Редакция идентификаторы
- 145223_719873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:20
0 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанатын жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;
9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады;».